Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады.
Синоптиктер бірнеше өңірде қатты жаңбыр жауып, жел соғады деп болжайды
1,222
оқылды

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Қостанай облысының оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Күндіз аймақтың оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл болады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, сонымен қатар облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз найзағай ойнайды, соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстік-шығысында сынап бағаны -2°C дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады, соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны -2°C дейін төмендеп, үсік жүреді, күндіз облыстың оңтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды, облыстың солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады. Кейде найзағай ойнап, дауыл тұрады, таулы аудандарда бұршақ жауады, соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында аракідік жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде аракідік жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды, соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады, желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді, түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны -2°C дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Астанада 17 мамырда түстен кейін 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.