Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева істі болды.
Елорда әкімдігіне қарасты басқарма басшысына қатысты тергеу басталды
1,444
оқылды

Бұл мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері растады.

«Иә, сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге деректер жария етілмейді», – деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Әзірге Әлия Қожабаеваның не үшін, қандай баппен ұсталғаны туралы дерек жоқ. 

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов бастапқы мән-жайлар белгілі болған соң, қосымша ақпарат таратылатын мәлімдеді.