Депутатқа ауыл тұрғындары мұң-мұқтажын айтты.
Депутат ерекше күтім қажет тұрғындарға құрал-жабдық алып беретін болды
1,078
оқылды

«AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының ғимаратында, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мағауия Тұрысбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Бірнеше өзекті мәселе айтылды. Депутат Мағауия Тұрысбеков пен Созақ аудандық партия филиалының төрағасы Ернар Сағындық, арыз-өтінішін арқалап келген 4 тұрғынның шағымын тыңдады.  

Нақтырақ айтсақ, аудан  тұрғындары аудан орталығынан спорттық- сауықтыру кешен салу,  мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті орта құрып, қолдау көрсету, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Сонымен қатар, бір ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс сұрады. Жол құрылысының сапасы мен Жылыбұлақ каналы бойынша да қабылдауда өз өтініштерін айтып келгендер болды.

«Ерекше күтім қажет адамдарға қамқорлық көрсету – ел алдындағы парызым» деген  депутат М.Тұрысбеков тұрғындардың мәселесін шешті. Өзі ерекше жандарға қажетті құрал-жабдықтар алып беретін болды. 

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша түскен өтінішті аудандық партия филиалының төрағасы Е.Сағындық бақылауына алды. 

Тұрғындардың өтініштері аяқсыз қалмайды, шешімін табады.