Ұсталған азамат Алматы облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында іздеуде болған.
Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың қазақстандық мүшесі ұсталды
1,112
оқылды

Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Қазақстан азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жүргізіп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының ұйымдасқан қылмыстық тобының іздеуде жүрген мүшесі, Қазақстан Республикасының азаматы, 1990 жылы туған С.А.А.-ны ұстады. Ұсталған азамат Алматы облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында іздеуде болған», – делінген хабарламада.

2022 жылдың қараша айында Қазақстан азаматы Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені хабарланды. Ол №21 уақытша тергеу изоляторына қамалды.