Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Қазақстан азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жүргізіп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының ұйымдасқан қылмыстық тобының іздеуде жүрген мүшесі, Қазақстан Республикасының азаматы, 1990 жылы туған С.А.А.-ны ұстады. Ұсталған азамат Алматы облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында іздеуде болған», – делінген хабарламада.
2022 жылдың қараша айында Қазақстан азаматы Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені хабарланды. Ол №21 уақытша тергеу изоляторына қамалды.