Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Астана Мемлекеттік қызмет хабының жыл сайынғы «Меритократия. Адалдық. Инновация» атты халықаралық конференциясына қатысты.
МҚІА төрағасы: «Меритократия қағидаты лайықты, қабілетті адамдардың мемлекеттік басқаруға келуін көздейді»
875
оқылды

Шарада халықаралық ұйымдар өкілдері, отандық және шетелдік жетекші сарапшылар мен ғалымдар, мемлекеттік орган басшылары мемлекеттік қызметке таланттарды тарту, мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе бөлісіп, пікір алмасты.

Дархан Жазықбаев меритократия қағидаттарын ескере отырып, «адамға бағдарланған», «халық үніне құлақ асатын», сервистік, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудағы Агенттікпен атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Мемлекет басшысы «меритократия» мемлекеттік қызметке қабылдау мен ілгерілеудің нақты қағидаты болуы тиіс екенін атап өткен болатын. Бүгінгі күні Агенттікпен меритократия қағидатын орнықтыру және мемлекеттік қызметтің әрбір қазақстандыққа ашық болуын қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар іске асырылуда. Мемлекеттік қызметті жаңғырту бойынша заңнамаларға енгізілген жаңашылдықтар меритократия қағидаларын әрі қарай жан-жақты жүзеге асыруды көздейді», – деді МҚІА басшысы.

Агенттік төрағасы мемлекеттік басқаруға лайықты, қабілетті адамдардың келуін көздейтін меритократия қағидатын жетілдіру маңыздылығын атап өтті: «Қабілетті адамдарды обьективті түрде анықтау мәселесі бүгінде өзіне баса назар аудартады. Шын мәніндегі лайықты адамдарды анықтаудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл адам ресурстарымен жұмыс жасау тәсілдерін жан-жақты қайта қарастыруды талап етеді».

Агенттіктің назары алдағы уақытта мемлекеттік органдардың операциялық кадр қызметін сүйемелдеуден, персоналды басқару, іздеу, «тұрақтандыру» және дамыту мәселелеріне ауысатындығы аталып өтті. Бұл ретте, Агенттік мемлекеттік органдардың стратегиялық HR-әріптесіне айналады.