Оралда әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды. Таңғы уақытта Омега жол көпірінің астынан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жер­ден шабуыл жасаған ер адам бейне­бақылау­ға түсіп қалған.
Қарақшы құрықталды
755
оқылды

Әйел қашып кетуге тырысқанымен, қарақшы оны мықтап ұстап, жерге құлатып, алтын сырға-сақина­ларын шешіп, телефонын тартып алған. Шығын көлемі – 550 мың теңге. Тоналған әйел бірден поли­ция­ға жүгініп, жедел-іздестіру шаралары жарияланды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсынылған 15 азаматтың ішінен жәбірленуші 1971 жылы туған бір ер адамды көрсетті. Күдікті дереу құрықталды. Оның бұрын қылмыстыққа жауапкершілікке тартылғаны анықталды.