Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған депутат жауапқа тартылады.
Жоқ мал үшін заңсыз субсидия алған депутат қамауға алынды
5,429
оқылды

Аудандық мәслихат депутаты іс жүзінде жоқ малға заңсыз субсидия алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облыстық департаменті алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Депутат шаруа қожалығы атынан жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған. Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге. Күдікті қамауға алынды.