2023 жылы 21 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған дәріс өтті.
Жастар – жаңа Қазақстан дамуының қозғаушы күші
520
оқылды

«Жастар – жаңа Қазақстан дамуының қозғаушы күші» атты дәрісті ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов ашты.

Қазіргі таңда «Ассамблея жастары» ұйымы елімізді көркейту мақсатында бірнеше бағытта жұмыс істеп келеді. Соның ішінде «Social Assembly» – жастардың білім деңгейін көтерумен қатар оларға қолдау көрсетіп, жұмыспен қамтумен айналысады. «Бірлік тілі» – мемлекеттік тілді үйрену. «Ел мұрасы» – тарихи-мәдени мұраны сақтау. «Таза орта» – экология мен қоршаған ортаны қорғау. Сонымен қатар, «Қасиетті парыз» – әскери-патриоттық тәрбие. «Jastar media» – медиа-жобаларды дамыту мен медиа-сауаттылықты арттыру саласында жұмыс істейді.

«Жастар және жаңа Қазақстандағы бәсекелестік» деген атаумен дәріс оқыған Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайриевтің айтуы бойынша бәсекеге қабілетті болудың басты шарты – креативті болу, яғни ұтқыр ойлау және әрдайым ізденісте болып, өзіңді тұлға ретінде және профессионал маман ретінде дамыту. Әрбір маман иесі өзінің осы қасиеттері арқылы өзіне сұранысты арттыра алады.

Сорбонна – Қазақстан институтының Экономикалық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Саян Изеев «Жаһандану жағдайындағы макроэкономикалық саясат» тақырыбында сөз қозғады. Дәріс барысында ҚР Ұлттық банк қызметтері қалай жұмыс істейді және ақша-несие саясатының басты мақсаты қандай деген сияқты бірқатар маңызды тақырыптар қозғалды. «Экспорттық мүмкіндік – валюта тұрақтылығы», – дейді спикер.

Жоғарыда аталған дәрістің маған ерекше ұнаған тұсы оның жаңашылдығы. Жалпылай айтқанда, дәрістің ұтымды тұстары ауыз толтырып айтарлықтай көп. Әрбір спикердің тың идеялары тыңдарман назарынан тыс қалмады деген сенімдемін. Шыңғыс Нұрланұлы айтып кеткендей, аға буын әрқашан бірлік пен татулықта болуды басты орынға қойса, ол да керек, жаңа буын жастар болашақ пен даму жолын қолдайды. Менің ойымша, бүгінгі өскелең ұрпаққа дәл осындай алға жетелер тәлімгерлер керек. Біздің биік шаңырағымыздың астында елімізге жанашыр ұлт өкілдерінің барына өте ризамын. Отанымызды дамытуға бар мүмкіндіктерді қолдана ат салысайық! Қортындылай келе, дәл осындай танымдық және тәрбиелік дәрісті ұйымдастырған университет басшылығына және Шаһарман Гүлжиһан Пішенбайқызы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасына алғыс білдіргім келеді.

Қанат Шұғыла,
Абай атындағы ҚазҰПУ,
Сәулет дизайн, 1 курс