Жол апаты көше қиылысында болған.
Науқасты алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
1,960
оқылды

Қостанайда жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ng.kz-тің жазуынша, жол апаты 18 мамыр күні Абай және Н.Назарбаев даңғылының қиылысында болды.

Полицейлердің айтуынша, 65 жастағы "ВАЗ" маркалы көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермеген.

Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем инфаркт алған 69 жастағы науқасты облыстық ауруханаға алып бара жатқанын растады.

"ВАЗ" көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Полиция жол ережесін сақтау керегін ескертеді.