Үйдің ішінде барлық жағдай жасалған.
«AMANAT»: депутат ауыл тұрғынына үй сыйлады
1,889
оқылды

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғыны Гүлзат Шайхұстанова облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен салынған жаңа баспанаға қол жеткізді.

Бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған. Қазір  жолдасымен бірге жалдамалы пәтерді паналап отырған І топтағы мүгедектігі бар баспана иесіне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғын үй кілтін табыстап, қоныстойымен құттықтады.

– Біздің жағдайымызды, жеткізген мұң-мұқтажымызды елеп, ескеріп, осы игі істі ұйымдастырып отырған облыс әкіміне, аудан басшысына үлкен рақмет. Қатты қуанып отырмын. Бақытты болыңыздар, – деді қуанышын жасыра алмаған жаңа үйдің иесі Гүлзат Темірханқызы. 

 

Аудан орталығынан берілген жаңа үйге асхана жабдықтары орнатылып, су, жылу секілді коммуналдық қызметтері жүргізілген. Бау-бақша өсіруге арналған жері бар. Жер учаскесі қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді.  Мүгедектік арбамен үйіне кіріп-шығуға қолайлы болу үшін пандус қойылып, бар мүмкіндік жасалған.