Қытай – әлемдегі аса ірі инвестор және жаһандық экономиканың көшін бастап тұрған мемлекеттердің бірі.
Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның дамуына мүмкіндік береді
1,116
оқылды

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент саммиттің маңызы зор екенін айтты.  

«Бүгінгі саммит көне Сиань қаласында өтуде. Мұның зор символдық мәні бар. Өйткені, Ұлы Жібек жолы осы жерден бастау алған. Біздің елдеріміздің өткен тарихы, бүгіні және болашағы осы жол арқылы тығыз байланысып жатыр.

Сиань – Қытайдың бай тарихи-мәдени мұрасын, сонымен қатар, кемелденген күш-қуатын әйгілеп тұрған қала. Қытай – әлемдегі аса ірі инвестор және жаһандық экономиканың көшін бастап тұрған мемлекеттердің бірі. Сондықтан, Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның орнықты дамуына мүмкіндік береді.

Орталық Азия елдерінің әлеуетін Қытайдың орасан зор экономикалық қуатымен ұштастыру аса маңызды. Бұл қадам көп қырлы серіктeстігімізге тың серпін берері сөзсіз. Біздің еліміз осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын», – деді Президент.