Шымкентте 72 жастағы ер адам №1 қалалық аурухананың 3-қабатындағы терезеден құлады.
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні түнгі сағат 23.30 шамасында болған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болған соң ауруханаға түскені белгілі болды. Бірақ бұл деректі қалалық денсаулық сақтау басқармасы ресми растаған жоқ.
Қария әл-Фараби ауданындағы «Айқап» ықшамауданында тұрған. Отбасы, бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, осыдан бір-екі күн бұрын ауруханаға қарияның баласы келіп кеткен.
Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтайды.
Фото: chelny-biz.ru