Биылдан бастап мұғалімдер бірінші кезекте өзінің санатын дәлелдеу үшін ешқандай портфолио жинаумен айналыспайтын болады.
Биылдан бастап мұғалімдер портфолио жинамайды
9,569
оқылды

Мұғалімдерді аттестаттау, портфолио жинау мәселесі қайта қаралады, – деп жазады inform.kz. 

"Бұдан былай мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, әуреге салып портфолио жинату мәселесі қайта қарастырылады. Биылдан бастап мұғалімдер бірінші кезекте өзінің санатын дәлелдеу үшін ешқандай портфолио жинаумен айналыспайтын болады. Өйткені бұл да – жемқорлыққа итермелейтін дүниелер. Ананың туыстары барып жалған сертификат алып алады екен, мынаның туыстары барып орден, медаль барып алады екен. Сөйтіп, ақша төлеп оларды жинайды. Ал ол ешкімге керек емес. Негізі аттестация – мұғалімнің жетістігі емес, мұғалімнің табысы оқушының жетістігі арқылы бағалануы керек. Екіншіден, мұғалім қалай сертификат аламын демей, оқушының білімімен айналысуы керек. Ал министрлік оқушысы жетістікке жеткен мұғалімдерді сырттай бақылау арқылы автоматты түрде оның категориясын өзіміз әкеп беруіміз керек", – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.