Мәселен, Дана Мирбекова есімді азаматша Шымкент қаласында балабақша ашып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосып жатыр.
«AMANAT» партиясы жастардың өз ісін бастауына жүйелі қолдау көрсетіп келеді
630
оқылды

«AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті дамыту және қолдау. Бұл ретте, партия кәсіпкерлердің шағын және орта бизнес ашуына, оны дамыту кезінде пайда болатын кедергілерді жоюға, жастардың өз ісін бастауына жүйелі қолдау көрсетіп келеді.

Мәселен, Дана Мирбекова есімді азаматша Шымкент қаласында балабақша ашып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосып жатыр. Ол аталған балабақшаны жастар мен әйелдер кәсіпкерлігіне берілетін 1 пайыздық жеңілдетілген несие арқылы ашып отыр. Оған өз ісін бастауға «Shymkent Invest» фронт-офисі жөн сілтеді. Күні кеше аталған орталыққа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев арнайы барды. Олар фронт-офистің жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен әңгімелесті.

 

Бұл орталық бүгінде «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Ондағы мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп,  жобаларды жүзеге асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. Былтыр фронт-офистің көмегіне 2325 кәсіпкер жүгінді. 52 кәсіпкер 1 пайыздық жеңілдікпен несие алды.

 

Бұл партияның сайлауалды бағдарламасында да қамтылған. «AMANAT»-тың Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының Жол картасында кәсіпкерлік саласын дамыту бастамалары назарға алынды. Соған сәйкес, Шымкентте 2027 жылдың соңына дейін 80 мың жұмыс орнын ашу, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар санын 200 мың адамнан асыру жоспарланып отыр.

 

Партияның бастамасымен Шымкентте 1,2 мың шағын және орта бизнес өкілін қолдауға жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Өз ісін бастаймын деген 9,5 мың азаматқа грант және 2,5 пайызбен шағын несие ашық әрі әділ бөлінуі қадағаланады. Жастар және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 2,1 мың кәсіпкерге қолдау көрсету көзделді.