Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алматыда бойжеткен қыз биіктен секіріп кетті
1,259
оқылды

Алматыда 23 жастағы қыз жоғары қабаттан секіріп мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның тұрғын үйлердің бірінің жоғары қабатынан секіріп кеткені туралы фото мен видео әлеуметтік желіде тарады.

"Видео Teracotta Almaty тұрғын үй кешенінде түсірілген. Бір адам бүгін сол жерде мерт болды. Алдын ала болжам  бойынша, суицид жасаған", – делінген жазбада.

Алматы қаласы Полиция департаменті бұл фактіні растады. Ведомствоның хабарлауынша, бұл іс Бостандық аудандық Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Болжам бойынша, өз-өзіне қол жұмсаған 2000 жылы туған В. есімді азаматша.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", – делінген хабарламада.