Коронавирус Арменияда да тіркелді
Коронавирус Арменияда да тіркелді
Фото: Интернеттен алынды
320
оқылды
Қауіпті вирустың тарағаны жөнінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-тегі парақшасында жазды. Коронавирус жұқтырған қатерлі дертке шалдыққан 29 жастағы Армения азаматы екені анықталды. Ол жуырда әйелімен бірге Тегераннан оралған. Науқас дене қызуына шағымданып, дәрігерге қаралған. Сөйтіп, медициналық сараптамадан кейін оның вирус жұқтырғаны анықталды. Науқастың жұбайынан вирус анықталмаған. Никол Пашинянның айтуынша, қазір онымен байланыста болған азаматтардың бәрі оқшауланған. Ал денсаулық сақтау министрі вирустың таралуын тоқтату үшін қажетті шаралар атқарылып жатқанын жеткізді. Еске сала кетейік, 24 ақпанда Армения билігі Иранмен арадағы шекараны жауып, әуе қатынасын ішінара тоқтатқан болатын. Десе де, екі ел азаматтары емін-еркін барып, келе береді. Арменияның денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян: «Қазіргі таңда 32 азамат оқшауланды. Барлығы қонақүйге орналастырылған. Бірінші күні науқас деп танылған ер адамның дене қызуы 38 градусты көрсеткенімен, қазір одан коронавирус белгілері байқалмайды деуге болады. Жалпы, бүгінге дейін Арменияда 117 рет сараптама өткізілді. Соның тек біреуі ғана оң нәтиже көрсетті. Ел аумағында коронавирус жұқтыру тіркелгеніне қарамастан, Иранда жүрген Армения азаматтары елге шекарадан өткізіліп жатыр», – деді ол. Армения Білім министрлігінің бұйрығымен мектептер мен университеттерде сабақ бір аптаға тоқтатылды.