Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалы­ғымен Бюро отырысы өтіп, алдағы күн тәртібі нақтыланды.
Жалпы отырыстың күн тәртібі
690
оқылды

Депутаттардың талқылауына Қазақстан мен Түркия Үкімет­тері арасындағы ақпарат ал­ма­суды ұйымдастыру және кеден­дік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратифи­ка­ция­лау туралы заң жобасы ұсы­нылды. 

Келісімді ратификациялау мемлекеттердің арасында өткі­зілетін тауарлар мен көлік құ­ралдары бойынша мәліметтер­мен электронды алмасу арқылы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруды және уақытын  қыс­қартуды  қамтамасыз етуге мүм­кін­дік береді.

Сонымен қатар алдағы жал­пы отырыста бірқатар заң жоба­сын екінші оқылымда қарау жос­­парланып отыр. Олар: сұйы­тылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі және «Қоғамдық бақылау ту­ралы» заң жобалары.