Кеше Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл ат­летика кешенінде көркем гимнастикадан Қазақ­станның VI жазғы спартакиадасы аяқталды.
Спартакиада мәресіне жетті
1,258
оқылды

Бұл жолы жекелей сында еліміздің әр өңірінен келген 54 гимнаст сынға түсті. Ал топтық жаттығуда 12 команда бақ ­сынады. Бұл қатарда Елжана Таниева, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сияқты халықаралық бәсекелерде ел на­мысын қорғап жүрген ұлттық құрама өкілдері бар.

Шығыршықпен өнер көрсетуде ұлттық құрама көш­басшылары ешкімге дес берген жоқ. Бас жүлдені Елжана Таниева алса, Милана Парфилова күміс, Айбота Ертайқызы қола медальға қол жеткізді.

Елжана Таниева доппен жаттығуда да чемпион атанса, Ай­б­ота Ертайқызы 2-ші, елордалық Эрика Жайлауова 3-орынды иемденді.

Ұршық пен лента жаттығуында Елжана Таниева үздік атан­ды. Күміс жүлде Милана Парфилованың, қола – Эрика Жай­лауованың еншісінде.

Көпсайыста, яғни 4 құралмен өнер көрсетуде әр бағ­дар­ламада тұрақты нәтиже көрсеткен Эрика Жайлауова алтын­нан алқа тақса (115,450 балл), шымкенттік Милана Пар­фи­лова (111,700 балл) мен Баян Қойбақар (102,950 балл) тұғыр биігінің қалған сатысына көтерілді.

Бұл сайыста финалға іріктеліп 15 гимнаст жолдама алған. Ал топтар арасындағы және командалық көпсайыста бірдей нәтиже тіркелді. Екі сында да Шымкент қаласы мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдесе, одан кейінгі орынға Астана мен Алматы қаласының ұжымы жайғасты.