Даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровті еске алу­ға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир қоры­тындыланды.
Даңқты балуанды еске алды
1,282
оқылды

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, атал­ған сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген боз кілем шеберлерімен қатар қырғыз елінің, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзер­байжан мен Израильдің үздік 164 спортшысы 3 күн бойы өзара сынға түсті.

«Бұл жарыстың біз үшін орны ерекше. Оның ауқымы жыл­дан-жылға кеңейіп келе жатқаны қуантады. Келесі жы­лы бұдан да көп ел қатысуы үшін оның мерзімін жылдың ба­сына ауыстыру керек болады. Оны Халықаралық күрес фе­дерациясының күнтізбесін ескере отырып, бекітуіміз қажет. Мысалы, осы жарысқа Өзбекстан құрамасы біраз мық­ты балуандарын жібере алмады. Себебі онда қазір ел чем­пионаты өтіп жатыр. Ал Әзербайжан мен Қырғыз Рес­публикасы құрамасы негізгі құраммен келді», – деді Қазақ­стан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов.

Бұл турнирде қазақ балуандары арасынан Айбек Айт­бе­ков (55 келі), Олжас Ерғали (77 келі), Ислам Евлоев (82 ке­лі), Нұрасыл Аманалы (87 келі), Нұртас Қыдырбаев (97 ке­лі) және Жохар Узаров (130 келі) өз салмағында чемпион атан­ды. Қазақстандық спортшылар жарысты 6 алтын, 5 кү­міс, 14 қола медальмен аяқтады.

«Жазда Азия чемпионатына баратын ұлттық құрама балуан­да.ры өз деңгейін тағы бір мәрте көрсетті. Еліміздің өңірлерінен Ақтөбе облысы жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы 2 айда біз үшін жауапты жарыстар бар. Алдағы күндері Әзер­байжан құрамасымен бірлесіп, дайындықтың бірінші ке­зеңі­не кірісеміз. Олардың көздегені – Еуропа чемпионаты», – деп мәлім етті Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қонысбек Түкенов