Қытайда короновирус жұқтырғандардың саны 80 мың адамнан асты
Қытайда короновирус жұқтырғандардың саны 80 мың адамнан асты
Фото: Интернеттен алынды
5,335
оқылды
«РИА Новостидің» жазуынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 80 мың адамнан асты. Дереккөздің жазуынша, вирус жұқтырғандардың ішінде, 32,6 мың адам ауруханада жатыр. Қалғандары ауруханадан шығарылды. Хабарланғандай, олар ауруынан толықтай емделіп шыққан. Коронавирустан 44,5 мың адам емделіп шыққан. Соңғы 24 сағатта елде жұқпалы ауруды жұқтырудың 202 жаңа жағдайы тіркелді. Бір тәулікте көз жұмғандардың саны 42 мыңға жетті. Олар барлығы Хубей провинциясының тұрғындары болған. Соңғы 24 сағатта 3 мыңға жуық адам ауруханаға жатқызылғаннан кейін үйлеріне қайтарылды.