Қаратал ауданының Ескелді ауылында орналасқан жеке үйінде тәртіп сақшылары өсірілген марихуананың 108 түп тамырын тапты. Сондай-ақ дайын кептірілген 40 қарасора түптері, есірткі оралған түйіншіктер, оның ішінде “синтетикалық” есірткілер және қолдануға арналған әртүрлі құралдар табылды.
Күдікті УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары, синтетикалық есірткіні өткізу және сақтау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, сату және сақтауды көздейтін, қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр.