Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық стансасында досының қарындасын бірнеше рет зорламақ болған ер адам ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісуда досының қарындасын бірнеше рет зорламақ болған ер адам ұсталды
1,530
оқылды

Бұған дейін 23 жастағы ер адам досының 6-сынып оқитын қарындасын бірнеше ре. зорламақ болып, азғындағаны белгілі болған. Кадрда бірнеше адам ер адамды сұрақтың астына алып жатқанын көруге болады.

Ер адам қыздың айтқаны шын екенін мойындап отыр.

Кәмелет жасына толмаған қыз мұндай жағдай бұрын-соңды қайталанғанын, бірақ бұл жайтты үй ішіне айтуға ұялғанын түсіндіруде. 

Бейнежазба жариялаған автордың айтуынша, қаскөй отбасылы екен.

Жетісу облысының прокуратурасы видеоның астындағы түсініктемелерде оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабын 3-1-бөлігімен ("Кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы күштеу әрекеттері") көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс материалдарындағы күдікті 23 жастағы Достық стансасының тұрғыны екені анықталды, ол ұсталып, Алакөл облыстық полициясына куәлік беру үшін әкелінді. Қылмыстық істі тергеу облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынған. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес факті бойынша толығырақ ақпарат беру мүмкін емес”, – делінген ақпаратта.