Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев «Алтын белгі» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын жеткізді.
Министрдің айтуынша, “Алтын белгі» баладан гөрі, ата-анаға қажет секілді.
“Алтын белгі” алынып тасталуы мүмкін
4,854
оқылды

“Себебі ата-ана мақтану үшін, «Алтын белгіні» баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі білім сатылмау керек, сапа болуы керек», – деді Ғани Бейсенбаев.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі оқушылар арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді. 

«Қарапайым мысал келтірейін. Екі ата-ана жиналысқа келіп, бір-бірінің шашын жұлып, төбелесіп жатыр. Енді бала көргенін істейді. Бірінші кезекте баланы тәрбиелемес бұрын ата-ана өзін тәрбиелеу керек. Себебі бала көргенін істейді», – деді Ғани Бейсенбаев.

Айта кетсек, Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов және Оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтуде. Шараға ағарту саласының барлық мамандары қатысуда.