Ұшақ қонғаннан кейін оны Астанадан келген жедел жәрдем мамандары қабылдаған.
Қостанайлық дәрігерлер ұшақта жүрегі тоқтап қалған әйелді аман алып қалды
1,697
оқылды

Қазақстандық дәрігерлер ұшақ бортында жүрегі тоқтап қалған әйелдің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық  сақтау басқармасының Instagram парақшасында хабарлады.

Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезіне бастаған және кенеттен есінен танып қалып, жүрегі тоқтап қалғаны байқалған. Барлық дәрігерлер көмекке келді, ал анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжанов әйелге қажет процедураларды жүргізе бастаған.

Әміржан Серікбайұлының медициналық біліктілігі мен дәрігерлердің үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде, жолаушы біртіндеп өзіне келген. Ұшақ қонғаннан кейін оны Астанадан келген жедел жәрдем мамандары қабылдаған.