20 мамыр күні Полиция басқармасына қөпқабатты үйлердің бірінде жас қыздың терезеден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер терезенің жақтауында тұрған қызды көрген.
"Санаулы секундтарда қолайлы сәтті пайдаланып, қызды терезеден ішке тартып алдық", – деді полицейлер.
Қыз бала медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл қадамға анасымен сөзге келіспей қалғандықтан барғанын айтқан. Тергеу амалдары жүріп жатыр.