Степногорда ер адам көршілерінің көзінше итті 5-қабаттан лақтырып жіберген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала тұрғыны Instagram желісіндегі step_notsleep парақшасында жануарларға қатыгездік көрсеткендердің видеосын жариялады.
Степногор тұрғыны итті 5-қабаттан лақтырып жіберді
1,463
оқылды

"Жануар адаммен тең емес. Бірақ адам да жануарға айналмауы керек. Мас адам 5-қабаттан итті лақтырып жіберді. Куәгерлер бар. Арыз қабылданды. Қорқақ үйден шықпады. Итті жақын маңдағы қараусыз қалған жердің артына көміп тастады. Олар қан іздерін жасыруға тырысты",  деп жазды әйел.

"Голос народа" порталының мәліметінше, Ақмола облысының Полиция департаменті өкілдері қала тұрғынының жазбасына қатысты пікір білдірді.

"Жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр",  деп хабарлады полицейлер.