Белгілі блогер, көпшілікке «Жаным баклажаным» есімімен танылған Айдын Тоқсанбаеваның қазақстандық дәрігерлер мен сот жүйесіне қатысты даулы оқиғасы таусылар емес. Төрт баланың анасы оң көзінің орнына сол көзіне ота жасап қойған дәрігерден сотта ұтылып қана қоймай, оған ақша төлеу керек екенін ашып айтты, – деп хабарлайды Caravan.kz.
Ақша ұсынып, аузыңды жап деді – танымал блогер дәрігер жайлы бар шындықты әшкереледі
10,739
оқылды

Белгілі блогер елімізде әділдік пен заң жоқ екенін ашып айтты.

«Бастарыңызға қандай да бір іс түсіп, кінәлі адамның кінәлі екенін дәлелдей алмай жүрсеңіз, бастарыңызды ауыртпаңыздар, ешкімге ештеңе дәлелдемеңіздер, уақыттарыңызды, нервілеріңізді кетірмеңіздер. Одан түк шықпайды, біздің елде заң жоқ және сенің қанша бүкіл дәлелің бола тұрса да, сенің дәлелің көк тиын. Мемлекетке сенің дұрыс екеніңді дәлелдеу тиімсіз. Сондықтан уақыттарыңызды, жүйкелеріңізді мен сияқты бір жылдан астам кетірмеңіздер. Менің баламның көзіне, оң көзінің орнына сол көзіне операция жасап қойған болатын. Маған сол кезде ақша ұсынды, аузыңды жап деді. Біз саған береріңді берейік, сен бастысы тыныш кет деді. Мен жоқ дедім, басқа балалармен мұндай қайталанбасын дедім. Дәрігерлер операцияға кірместен бұрын бір жапырақ қағазды оқысын дедім. Бірақ соған қарамастан мен ақша төлеп, бүкіл елдің алдында кешірім сұрауым керекпін. Сондықтан ешкімге ештеңе дәлелдемеңіздер, сіздің дәлелдеріңіз көк тиын, ешкімге керек емес, бізде заң , әділдік жоқ. Біз қазір Қаскелеңдегі, Қапшағайдағы соттан ұтылдық. Не үшін? Өйткені мен оны Instagram парақшаға жариялап, оның беделін түсірдім. Ол желіге жариялағаным үшін күйзеліске түскен екен. Ал сот мен оны не үшін жазғанымды қыстырып тұрған жоқ. Мен сияқты дәрігерлердің кесірінен балаларына зақым келген аналар көп, олар үндемей қоя салады, олардыкі дұрыс, себебі мен сияқты ештеңе дәлелдей алмайды. Құдай маған осындай жағдай басқа аналардың басына түспесін деп сынақ беріп тұр, бір жылдан астам осымен дауласып келдік иә? Не болды? Ештеңе болған жоқ, мен ұтылдым, мен ақша төлеуім керекпін. Қателік болды ма, ештеңе болған жоқ, үндемей отыра берейік, сонда ғана дамиды біздің ел, осыдан кейін біз балаларымызды қалай ғана патриот етіп тәрбиелейміз?», - деді блогер.