Бұл туралы VITA іздеу жасағының еріктілері мәлімдеді.
Павлодар облысында бір күнде жоғалған екі адамды іздестіруде
1,364
оқылды

Павлодар облысында бір күнде жоғалған екі адамды іздестіруде. Келіп түскен барлық ақпарат бойынша жұмыс істеліп жатыр, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы  VITA  іздеу жасағының еріктілері мәлім етті.

«Қолда бар деректерге сәйкес, бұл адамдар бір күнде жоғалған. Серік Ағыбаев Чернорецк ауылынан, Сұлушаш Опабаева  – Хромзаводтағы Өтпе жол, 6 мекенжайынан жоғалып кеткен», – деп түсіндірді  VITA  іздеу жасағында.

Еріктілер осы адамдардың қайда екені туралы нақтырақ ақпарат алу үшін мүмкіндігінше әлеуметтік желілерді қамти отырып, барлық түскен ақпарат бойынша жұмыс істейді.