Павлодар облысында бір күнде жоғалған екі адамды іздестіруде. Келіп түскен барлық ақпарат бойынша жұмыс істеліп жатыр, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы VITA іздеу жасағының еріктілері мәлім етті.
«Қолда бар деректерге сәйкес, бұл адамдар бір күнде жоғалған. Серік Ағыбаев Чернорецк ауылынан, Сұлушаш Опабаева – Хромзаводтағы Өтпе жол, 6 мекенжайынан жоғалып кеткен», – деп түсіндірді VITA іздеу жасағында.
Еріктілер осы адамдардың қайда екені туралы нақтырақ ақпарат алу үшін мүмкіндігінше әлеуметтік желілерді қамти отырып, барлық түскен ақпарат бойынша жұмыс істейді.