Төрт жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам табылды

19 мамырда ер адамның тірі екені белгілі болды.

2019 жылдың наурызында Талғарда жоғалып кеткен ер адам тірі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады.

1990 жылы туған Иванов Иван Иванович 2019 жылдың 6 наурызында хабарсыз кеткен. Ер адам таңертең Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 166 үй мекенжайы бойынша үйден шығып, қайтып оралмаған.

19 мамырда ер адамның тірі екені белгілі болды. Оның осы уақыт ішінде қайда болғанын волонтерлер нақтыламады.