Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының фоны батыс өңірлерде 29-34 градус жылы, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы, солтүстікте 23-28 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, оңтүстікте 23-31 градус жылы, шығыс және оңтүстік-шығыста 15-25 жылы күтіледі.
23-25 ​​мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
1,694
оқылды

Синоптиктер 23-25 ​​мамырдағы ауа райы болжамын жариялады.

Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронталь бөлімдер айқындайды, жаңбыр, найзағай, оңтүстік-шығыста бұршақ болады. 23-25 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ауысады) болады деп болжанды. Сондай-ақ, республика бойынша желдің күшеюі, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. 

"Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының фоны батыс өңірлерде 29-34 градус жылы, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы, солтүстікте 23-28 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, оңтүстікте 23-31 градус жылы, шығыс және оңтүстік-шығыста 15-25 жылы күтіледі", – делінген хабарламада.