Ерекше баламен бірге жүретін адамның да тегін қатынауы үшін әкімдіктен қаржы бөлу мәселесі мәслихат отырысында қаралады.
Атырауда ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар қоғамдық көлікте тегін қатынайды
1,023
оқылды

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев ерекше бала тәрбиелеп отырған 25-ке жуық ата-анамен кездесу кезінде айтты.

"Ерекше баламен бірге жүретін адамның да тегін қатынауы үшін әкімдіктен қаржы бөлу мәселесі мәслихат отырысында қаралады. Бұл – күн тәртібіндегі басты мәселе. Елімізде бірнеше жылдан бері әлеуметтік портал жұмыс істеп тұр. Сол арқылы аяқкиімнің түрлері, өлшемі сынды параметрлерді таңдап аласыздар. Аяқкиімдерді заттай емес, ақшалай беру әкімдік деңгейінде шешілетін мәселе емес. Бұл турасында тиісті министрліктерге ұсыныс жолданады. Ал тұрғын үй заң бойынша кезек реттілігімен беріледі. Сондай-ақ сіздер көтерген өңірлік деңгейдегі мәселелер  өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешімін табады, – деді Ж.Бисембиев.

Кездесуде Жасұлан Бисембиев аналарға жергілікті әкімдік деңгейіндегі мәселелер оң шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ әлеуметтік сала мамандарына мүгедектік туралы мәселелер бойынша телеграмм чат құрып, оған ата-аналармен қоса барлық мемлекеттік орган басшыларын тіркеуді тапсырды.

Баян Жанұзақова