Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 18:54-те Қытай аумағында жер сілкінді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сейсмикалық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция» ЖШС-нің сайтына сілтеме жасап.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 272 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1.
Магнитудасы 4.4. MPV.
Ошағының бағыты 40.91° с.е 78.05° ш.б жатыр.
Тереңдігі 10 км.
Сезілуі туралы ақпарат жоқ.