Астанадағы №38 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Зәмзәгүл Туитина қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін ағылшын тілінде сөйлетті. Шет тілін оқытудағы жаңа әдіс шәкірттердің оқу үлгеріміне оң әсерін тигізуде.
«Алдар Көсе» ағылшынша сөйледі
961
оқылды

Зәмзәгүл Туитина – 39 жылдық ең­бек өтілі бар педагог. Осы жылдар ішінде ол ағылшын тілін оқытудың әр­түрлі әдісін жасап, тәжірибеде тиім­ді қолданып келеді. Сабақ бары­сында ақпараттық технологияны пай­далану, тілді ән мен фильмдер ар­қы­лы үйретумен қатар, жуырда ол балаларға арналған танымал туын­ды­лар мен қазақ ертегілерін ағылшын­шаға аударды. Оның алғашқы тәржі­мала­рының қатарында Бердібек Соқ­пақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі мен «Алдар Көсе және Шық­бер­мес Шығайбай» ертегісінен үзінділер бар.

«Ағылшын тіліне деген қызығу­шылығымды Зәмзәгүл Қалкенқызы­ның сабақтары, шығармашылық тапсырмалары, әр тақырыпқа үлкен ынтамен қарайтыны себепші болды. Ол бүгінге дейін бір емес, бірнеше буын олимпиадашыларды тәрбиелеп шы­ғарды», – дейді аталмыш мектеп­тің 11-сынып оқушысы Ұлпан Болат­қожа.

Айта кетейік, Зәмзәгүл Туитина – Reading for pleasure атты ағылшын тіліндегі нұсқаулықтың авторы. Оған балалар әдебиетінің классиктері мен ең танымал заманауи авторлардың үзінділері енгізілген. Балалар оларды сабақта да, бос уақытында да оқиды.

Сонымен қатар педагогтің шә­кірт­тері «Оқуға құштар мектеп – оқу­ға құштар ұлт» республикалық жоба­сы аясында батыс әдебиетін ағылшын тілінде оқып жатыр. Бұл сабақтар ап­тасына екі рет тегін өткізіледі.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ