Елорда әкімдігі журналистер арасында байқау жариялады. Бәйгеге Астананың дамуы туралы үздік жарияланымдар бойынша БАҚ бетінде жарық көрген мақалалар мен сюжеттер, репортаждар ұсынылады.
Байқауда кімнің бағы жанбақ?
1,015
оқылды

Сондай-ақ елорда күніне орай ұйымдастырылып отырған байқауда әлеуметтік желілерде қаланың көрке­юі мен дамуы туралы жарияланған үздік сюжеттің авторлары да бағын сынап көруге мүмкіндік беріліп отыр. 

Әкімдіктің хабарлауынша, бай­қауға қатысуға барлық қазақстандық журналистер шақырылады. Айта кету керек, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қала­лық Коммуникациялар қызметі ұйым­дастыруымен өтіп отырған конкурсқа 2022 жылдың 1 маусымы­нан 2023 жылдың 16 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған немесе эфирге шыққан мемлекеттік тілде және орыс тіліндегі материалдар қа­былданады. Бір қатысушы конкурсқа тек бір ғана материалдан өткізеді. Сондай-ақ жіберген жарияланымын бір номинация бойынша ғана ұсына алады. Түсінікті болу үшін елорда ту­ра­лы баспа басылымдарында жа­рық көрген сараптамалық материал­дарды өткізгенде «Үздік журналист-сарапшы», Астана қаласының әлеуметтік-эко­номика­лық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар –  «Үздік шолушы», Астанаға арналған радиосюжеттер – «Үздік радиорепортаж», қала өмірі туралы телесюжеттер – «Үздік теле­сюжет», мегаполис өмірі туралы бей­не­ролик­тер – «Үздік мобилог­раф», Астана туралы фотосуреттер – «Үздік фото­репортаж», әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анық­тауға бағыттал­ған «Әлеуметтік желі­дегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номина­циясын таңдау керек. Байқауға Facebook, Instagram және TikTok әлеу­меттік желілердегі таны­мал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады.

Номинациялар бойынша жеңім­паздарды белгілі журналистерден, медиа-сарапшылардан және елорда­дағы осы саланың құрметті өкілдері­нен құралған конкурстық комиссия айқындамақ. Ең үздік жұмыс ақша­лай сертификаттармен ынталан­дырылса, жүлделі орындардың иелерін қомақты қаражат күтіп тұр. Бірінші орын үшін 1 миллион теңге, екінші орын үшін – 500 мың теңге, үшінші орын үшін – 300 мың теңге. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 16 маусымына дейін sluzhbakommunikatsiy@mail.ru. электрондық пош­та­сы арқылы қабылданады. Ал ұйым­дастыру комитетіне қосымша сауал­дарды 8 702 407-52-82 байланыс те­ле­фонына хабарласып, толыққанды ақпарат алуға болады.