Абай облысында орман өртеніп жатыр.
Ресейде басталған өрттен Абай облысында 70 гектар жер өртеніп жатыр
1,342
оқылды

22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінде басталған өрт Қазақстанның Абай облысына жетті. Өртті сөндіруге бүкіл күш-құрылымдары жұмылдырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков барды. Әкімдіктің мәліметінше, аймақта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Алайда халықты эвакуациялауға дайын. Төтенше жағдай департаментінің мамандары өртті сөндіруге талпынып жатыр. 

Өрт ошағы Ресейдің Алтай өлкесі Новенькое ауылы Қазақстанның Абай облысы Бородулиха ауданы Ауыл елдімекенінен 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт лезде «Семей орманы» табиғи резерватына өтті.

Орманшылардың кеше сағат 22.50-дегі мәліметінше 70 гектар жер өртеніп жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 10 техника, орман шаруашылығынан 108 адам және 38 техника тартылған.

Семейден қосымша өрт сөндіру техникасы оқиға орнына кетті. Ауылға кіреберісте жедел облыстық штаб құрылды. Сағат 23.07-де Семей қаласынан Ауыл елдімекеніне ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жетті.