Полицейлер күдіктінің үйін тексерді.
Түркістан облысында 4 мың түп көкнәр өсірген тұрғын ұсталды
2,934
оқылды

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп тексеру жүргізді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғын үйінде көкнәр өсірген. 

Үйді тінту кезінде күдіктінің бақшасынан 3 900-ден астам көкнәр тәркіленді.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің  300-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.