Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін тапты, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2023 жылғы 21 мамырда 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен.
Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған.
Жоғалған адамды соңғы рет әріптесі көрген. Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамыр таңертең туристік мақсатта келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристер кері ұшып кетуі керек болған, бірақ құрбысы әуежайға жалғыз барған.