Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,18 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441, 74 теңге болды.
Доллар бағамы 3,18 теңгеге төмендеді
835
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,18 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441, 74 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 445, 12 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 442,5 теңге, сатып алу – 445 теңге.

Ал  Астана қаласы бойынша сату бағамы – 440,5 теңгеден болса, сатып алу – 443,8 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,4 – 5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,48  –  5,58 теңгеден сатылуда.