Абай облысындағы өрт: бірнеше ауылға қауіп төнген

Жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.

Қазіргі уақытта Абай облысындағы 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуы тоқтатылды, өрт сөндіру жекелеген ошақтарда жүргізіледі, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, желдің күшеюіне байланысты Тұзды көл ауданындағы үшінші учаскеде өрт төменнен жоғарыға ауысты. Өртті сөндіру үшін 20 техника, жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды.
Өрттің таралуының алдын алу мақсатында маңайдағы жерлер жыртылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 1500 га құрайды.
 
Березовка санаторийі (108 адам, 36 үй), Березовка подхозы (169 адам, 53 үй) елді мекендеріне қауіп төнді. Өрт орнына дейінгі қашықтық шамамен 5-7 км. Ол жерге 4 техника бағытталды.
Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.
Сондай-ақ, орман өртін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-873 және су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшақтары сөндіріп жатыр. Қазіргі уақытта 59 рет су ағызылды.
 
ТЖМ-де және департаменттің дағдарыс орталығында, сондай-ақ жергілікті жерде жедел штаб ұйымдастырылды. Жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.
 
"Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін болатын солтүстік-шығысқа бағытталған жел күтіледі.