Ақтауда үш баласын өлтірген күдікті қамауда отыр.
Ақтауда үш баласын өлтірген күдіктіні тергеу аяқталды
4,054
оқылды

Ақтауда үш баласын өлтірді деп күдікке ілінген ер адамның іс-әрекеті бойынша тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу прокурорға жіберіліп, содан кейін сотқа жолданады.

«Күдікті өз іс-әрекетін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Іспен танысу үшін прокуратураға жіберілді», – деп жазылған департаменттің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынауданда 36 жастағы ер адам үш баласын айуандықпен өлтірді деген күдікпен ұсталды. 

Бұған дейін 3 баласын пышақтап өлтірген күдіктінің әйелі «Маған бәрібір, Аллаһқа қайтты» деген болатын.