Екі елдің шекарасында көліктер кептелісте тұр.
Қазақ-өзбек шекарасындағы кептеліс: кеден қызметкерлері күні-түні жұмыс істейтін болды
1,900
оқылды

Қазақстан Үкіметі осы проблеманы шешуді қолға алды. Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі және Сыртқы істер министрлігінен жасақталған ведомствоаралық жұмыс тобы қазақ-өзбек шекарасына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көрші елдің уәкілетті мемлекеттік органдарымен шұғыл жиын өткізіліп, мәселені шешу үшін бірқатар шешім қабылданды. Көліктер ағымын қайта бөлді. 

Б. Қонысбаев өткізу пунктіне жолданды. Өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Шекарада тұрған автокөліктерді жедел өткізу үшін бақылау операцияларын жылдамдату үшін кеден бекеттерінің штаты қайта жасақталды. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы жүктерді шығару үшін тәулік бойы жұмыс істейтін болды. 

Шекарада жұмыс барысын екі тараптан да бақылайды.

Мамыр айында Қазақстанға Өзбекстаннан жеміс-жидек тасымалдау көлемі ұлғаяды. Өнімді Ресейге транзитпен жөнелтеді. 

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 3 кеден бекетімен тәулігіне орта есеппен 900-1000 жүк көлігі өткізіледі («Б. Қонысбаев» – 500, «Қазығұрт» – 200, «Атамекен» – 200, «Қапланбек»). 

Өзбекстанның жапсарлас кеден бекеті жөндеуден өтіп жатыр.