Абай облысында орман өртеніп жатыр.
Абай облысындағы өрт: ауылға төнген қауіп сейілді
868
оқылды

Өрт ошағы Ресейдің Алтай өлкесінен басталған апат Қазақстанның Абай облысындағы орман мен даланы да шарпыды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штабтың отырысын өткізді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге 434 адам және 109 бірлік техника, 2 тікұшақ және өрт пойызы  жұмылдырылды.

Елдімекендерге төнген қауіп сейілді. Өртті оқшаулау үшін мамандар жұмыс істеп жатыр.