Өрт ошағы Ресейдің Алтай өлкесінен басталған апат Қазақстанның Абай облысындағы орман мен даланы да шарпыды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штабтың отырысын өткізді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге 434 адам және 109 бірлік техника, 2 тікұшақ және өрт пойызы жұмылдырылды.
Елдімекендерге төнген қауіп сейілді. Өртті оқшаулау үшін мамандар жұмыс істеп жатыр.