Дене шынықтыру мұғалімі Еңбек кодексінің 48-бабы 8-тармағы бойынша жұмыстан шеттетіледі.
«Кабинетіне шақырып құшақтаған»: Алматы облысында оқушыға қырындаған мұғалімге қатысты әкімдік мәлімдеме жасады
6,493
оқылды

Алматы облысында 8-сынып оқушысына қырындап, құшақтап, сүйген мұғалімнің әрекетіне қатысты әкімдік пікір білдірді.

«Аталған факті бойынша қыздың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізуде. Сонымен қатар дене шынықтыру пән мұғалімі Еңбек кодексінің 48-бабы 8-тармағы бойынша жұмыстан шеттетіледі», – делінген Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы мектепте болған.

«Мектеп әкімшілігі шұғыл түрде мектеп психологын және оқушыны анасымен бірге, дене шынықтыру пәні мұғалімін шақырып, сөйлескен. Оқушының айтуынша, 2023 жылы 3 сәуір күні сабақтан тыс уақытта волейбол үйірмесіне келгенде өзіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қырындаған. Еркінен тыс қол жүгіртіп, құшақтап, бетінен сүйген. Осы кезде сыныптас құрбысы спортзалға кіріп, дауыстап шақырған. Құрбысының даусын естіген сәтте И. мұғалімнің қолынан сытылып шығып, достарына қарай жүгіріп кеткен», – делінген ведомствоның хабарламасында.