Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың мәлімдеуінше, үшінші ошақтың жағдайы әлі де күрделі. Тілсіз жауды ауыздықтауға желдің қатты соғуы кедергі келтіріп тұр. Бүгінде қызыл жалынмен күресу үшін 434 адам, өртке қарсы 109 техника, сондай-ақ үш тікқшақ жұмылдырылды.
«Бізге Астана және Павлодар, Қарағанды облыстарынан көмек ретінде өртке қарсы ТЖМ күштері, атап айтсақ, жеке құрамның 130-ға жуық адамы мен өртке қарсы 26 техника келді. Бұдан басқа, Қорғаныс министрлігінің құрамы қосымша тартылатын болады», – деді Димитрий Гариков.
Жақын маңдағы елді мекендер тұрғындарының бір бөлігі туыстарына өз бетінше эвакуацияланды. Олардың мүлкін сақтау үшін ӨКМ жеке құрамының кезекшілігі ұйымдастырылды.
Айта кетсек, алдын-ала болжам бойынша 3 мың гектарға жуық орман алқабы өртеніп кетті. Жедел штаб өзінің жұмысын үздіксіз жалғастыруда.
Б. ИКРАМОВА
Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметі