Алматылық «Қайрат» футзал клубы бас бапкер Паоло Рикар­до Каканың қызметінен кеткені жөнінде мәлімдеді.
Кака «Қайраттан» кетті
779
оқылды

Бразилиялық маман келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтағы қызметін аяқтады.

Кака алматылық клубқа қызметке 2018 жылы келді. Содан бері қазақ­стандық футзалдың танымалдығын арттыруға күш салды. Оның жетек­шілігімен команда түрлі жарыстарда 242 ойын өткізді. Оның 202-де жеңіс­ке жетіп, 21-де тең түссе, 19 мәрте қарсыласына есе жіберді.

Команда 5 мәрте Қазақстан чем­пионы атанса, төрт-төрттен Қазақ­стан кубогі мен суперкубогін төбесіне көтерді. 2018/19 жылдары Чемпион­дар лигасы финалына шық­са, 2020/21 жылдары жартылай фи­нал­ға дейін жетті.