Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында ел құрамасы 20 алтын, 13 күміс, 28 қола медаль жеңіп алды.
Жас кикбоксшілер жарап тұр
1,262
оқылды

Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Ал Түркия құрамасы жеңімпаз атанды, өзбекстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен 2 807 спортшы қатысты. Айта кетейік, кикбоксингтен мемлекеттік жат­тықтырушы – Нұрболат Рысмағанбетов.

К.ЕСІМ