Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласында «Көп­по­лярлы әлемдегі еуразиялық ин­теграция» атты ІІ Еуразиялық эко­номикалық форумның пле­нар­лық отырысына қатысты. Жиын сұрақ-жауап форматында өтті.
Экономикалық интеграцияның басым бағыттары
1,457
оқылды

Модератор Александр Шохин Мем­ле­кет басшысына Еуразиялық эко­но­ми­ка­лық одақтың 2025 жылға дейінгі қа­был­данған стратегиясында өзара инф­ра­құрылым байланысы, «Солтүстік – Оң­түс­тік» және «Батыс – Шығыс» дәліздері жә­не үшінші елдермен арадағы қаты­нас­тар секілді перспективті бағыттар қам­тыл­ған ба деген сұрақ қойды.

Президент өз сөзінде форумға қаты­су­­­шыларға ілтипат білдіре отырып, жиын­ға шақырғаны және іс-шараны жо­ғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ресей тарапына және Владимир Путинге ри­за­шылығын білдірді.

Мемлекет басшысы 2020 жылы Еура­зия­лық экономикалық интеграцияны да­мытудың 2025 жылға дейінгі страте­гия­лық бағыттары қабылданғанын атап өтті. 

– Шын мәнінде, бұл осы салада ат­қа­рылған жұмыстарға берілген баға бол­ды. Әрине, мақсаттар мен міндеттерді қай­та пысықтау керек. Форумға қаты­су­шы­лар және әріптестерім Стратегияның өте маңызды, жан-жақты ойластырылған құ­жат екеніне келіседі деп ойлаймын. Еу­разиялық экономикалық одақтың гео­г­рафиялық аумағы орасан зор екенін ес­­керсек, өзара инфрақұрылым бай­ла­ны­­сын дамыту мәселесі аса маңызды ба­­­­­­сым­дықтардың бірі болып қала береді. Бұл жерде біз бірден екі деңгейде: бірінші – іш­кіодақтық, яғни одаққа мүше елдердің кө­лік және коммуникация салаларында-ғы интеграциясы бағытында, екінші – ха­лық­аралық, яғни көлік-логистика сала­сын­дағы халықаралық мәселелерді жү­зеге асыру және үшінші елдермен ын­ты­мақтастықты дамыту аясында жұмыс іс­тейтінімізді айта кету керек. Жаһандық тауар ағынының мейлінше жылдам өз­геріс­ке ұшырап жатқанын ескерсек, қазір жан-жағымызды жіті бақылап, бүкіл ай­­­мақта барынша тренд қалыптастыру өте маңызды. Шығысымызда тұтас құр­лық­ты стратегиялық тұрғыда байла­ныс­тыруды көздейтін маңызды әрі ауқымды бас­тама – ҚХР-дың «Бір жол – бір бел­деу» жобасы бар. Солтүстік – Оңтүстік же­лі­сіндегі сауда-экономикалық қаты­нас­қа сұраныс бірнеше есе артты. Біз, шын мәнінде, осы үдерістердің бел орта­сын­дамыз. Қалыптасып келе жатқан осы жаһан­дық экономикада біздің қандай рөл атқаратынымыз өзімізге байланысты. Өткен жылдың оқиғалары «Солтүстік – Оң­түстік» көлік дәлізін «жаңа жаһандық ло­гистиканың» басты элементі ретінде да­мыту қажет екенін тағы да анық бай­қатты. Аталған меридианды дәліз Транс­кас­пий халықаралық көлік бағытының ендігімен сәйкес келеді. Сондықтан екі бағытты да үйлесімді әрі жүйелі түрде да­мытса, бірін-бірі толықтыра түсетінін көріп отырмыз. 

Бұл тек өнеркәсіп, көлік және эко­номика салаларын дамытпайды. Сондай-ақ бұл бағыттар алып Еуразия кеңістігін­дегі өзара қарым-қатынас пен коопе­рацияны түбегейлі өзгерте алады. Мен бұл туралы бекер айтып отырған жоқпын. Өйткені дәл қазір көлік логистикасы халықаралық ынтымақтастықта алға шықты. Шын мәнінде, халықаралық нарықта көлік бағдарларына, логистикаға және басқа да салаларға иелік ету үшін күрес жүріп жатыр. Бұл – барлық мем­лекет үшін пайдалы бизнес. Еуразиялық экономикалық одақ осы бағытта маңыз­ды рөл атқаруға тиіс деп ойлаймын. Одақ­­тың ең басты саяси және экономи­ка­лық серіктесі – Қытай Халық Респуб­ли­касымен тиімді қарым-қатынас жасау­дың маңы­зы зор. Қытай – ең ірі жүк жөнел­туші әрі ең ірі тұтынушы ел, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы форум қатысу­шыларына өткен аптада ҚХР-ға мем­лекеттік сапармен барғанын, сапар ая­сында Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистикалық орталығы­ның іргетасын қалағанын жеткізді. Пре­зи­дент бұл порт Орталық Азияға, Еуро­паға, Түркияға және Иранға тікелей контейнер пойыз­да­рын жөнелтетін негізгі хабқа айнала­тынына сенімді. Соны­мен қатар Бақты – Аягөз учаскесін­де теміржол байланысын іске қосу және ҚХР бағытында бөлек шекара өткелін салу жоспарланып отыр. 

– Біз Ресеймен нәтижелі ынты­мақтастық құруға ниеттіміз. Себебі бұл жоба тек Қазақстаннан ғана емес, Батыс Сібірден де ҚХР-ға тауар жет­кізу мерзімі мен қашықтығын едәуір қысқартады. Тағы бір маңызды мә­селе. Физикалық инфрақұрылымды дамытудан бөлек, «жұмсақ» инфра­құры­лымды қалыптас­тыруға баса мән беру қажет. Яғни, цифр­ландыру, ке­дендік әкімшілендіру ісін оңтайлан­дыру және әкімшілік жүктемені азай­ту. Жалпы, қазір біз Еуразияда бұрын-соңды болмаған жаңа көлік құры­лымын қалыптастырып жатырмыз десек, артық айтқандық емес. Бұл іске тыңғы­лықты әзірлікпен әрі жұмыла кіріссек, біршама экономикалық және саяси пай­даға кенелеміз. Бізде толыққанды және конструктивті халықаралық ынтымақ­тас­тықтың қаншалықты маңызды екен­дігі туралы ортақ түсінік бар деп ойлай­мын. Жалпы, ЕАЭО халықаралық ын­тымақтастықты дамытуға басымдық беріп, өзінің танымалдығын, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыруға тиіс. Әрине, Еуразия­лық одақтың беделі осы ұйымдағы бір­лес­кен жұмысымыздың нақты нәтиже­леріне негізделуге тиіс. Сондықтан Қы­тай­мен, Үндістанмен, Вьетнаммен, Иран­мен, Мысырмен, Израильмен, Сербиямен және басқа да серіктестермен белсенді қарым-қатынас жасау – Одақ­тың кемелдене түскенін және оның сауда-экономикалық тұрғыдан тартымды екенін білдіретін маңызды көрсеткіш. Өткен жылдан бері Индонезиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда жөнінде келісім жасау туралы ке­ліс­сөз жүргізе бастадық. Мен бұл бағыт­тар­ды өте маңызды деп санаймын. Сон­дықтан Еуразиялық комиссия шұғыл әрі жауапты жұмыс атқарады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын анықтау қажеттігіне назар аударды.

– Кез келген істі қолға алғанда әр­дайым қазіргі проблемаларды ғана ше­шіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне бай­салды қарау керек. Мұның бәрінің берік негізі болуға тиіс. Іргетасы неғұрлым мы­ғым болса, соғұрлым мықты әрі ұзақ­қа төзімді ғимарат салуға болады. Ал біздің Одақтың іргетасы не? Одақ туралы келісімді толыққанды жүзеге асыру негізгі мәселе және солай бола береді. Қазақстан 2015 жылғы Шарттың не­гізін­де дәл осы интеграцияны қолдайтынын тағы да атап өткім келеді. Яғни, «төрт еркіндік» және инфақұрылымға тең дәрежеде қолжетімділік, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секіл­ді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақ­талуы керек. Бұл – біздің ортақ ісіміздің негізгі қағидаттары. Қазақстан дәл осы қағидат­тар­ды ілгерілетеді. Қазір тұрақты түрде туындайтын кедергілер мен шектеулер туралы көптеген деректі тізбелейтін уа­қыт емес деп ойлаймын. Мен бұл жағ­дай­ды шиеленістіруді жақ­тамаймын. Бірақ туындаған мәселелерді осында шешу керек. Бұл жерде тәуекел өте жо­ғары. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – біздің Одақтың беделі. Біз, ең ал­ды­мен, өз халықтарымызға Одақтың маңыз­дылығын, оның тиімділігін көр­сетуіміз керек. Ол үшін жан-жақты пы­сық­талған, дұрыс шешімдер қажет. Интеграцияның өте күрделі процесс екенін түсінемін. 

Бұл – барлық ұлттық мүддені бір арнаға тоғыстыратын өте нәзік жұмыс. Бірақ біз бұл жұмысты өзара келісе отырып жүргізуіміз керек. Бізге нақты нәтижелер қажет. Алға қойыл­­ған және жарияланған мақсат­тар­дың басым бөлігіне әлі де қол жет­кізілмеді. Сондықтан, ең алдымен, Одақ аясындағы ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің орындалуын соңына дейін жеткізуге баса мән беруіміз қажет деп ойлаймын. Мұны істемесек, ал­дымызға асқақ мақсаттар қою қиын. Жаңа нәрсені енгізбестен бұрын осыған дейін бірге жоспарлаған дүниелерді іске асыруға барынша күш салуымыз қажет. Эконо­микалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халық­тарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды. Сон­дықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады. Біз үшін ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Әрине, стратегияда айтылған кез келген басқа саланың маңызы бар. Бірақ оларды экономика тұрғысынан қарастыру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ТМД, ҰҚШҰ аясында, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық шең­берінде жақын серіктестерімен әлеу­меттік, мәдени, гуманитарлық ынты­мақтастықты дамытуға дайын. Формат­тарды араластыру бастапқы мақсаттан ауытқып, ресурстарды зая кетіруге әкеп соқтыруы мүмкін.

Сонымен қатар форумда Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения вице-премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйледі. Сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бейнеүндеуі көрсетілді.